Иранның МиГ-29 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат - Ирандық МиГ-29 жойғыш ұшағы елдің солтүстік-батысында тапсырма орындау кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.
Апат Иранның солтүстік- батысындағы Ардебиль провинциясында болды. Әскери ұшақ Сабалан тауы маңында құлады.
Экипаждың тағдыры әзірге белгісіз. Жергілікті билік оқыс оқиғаның себеп-салдарын тексеріп жатыр.