11:23, 07 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Иранның оңтүстігінде 5,1 магнитудалы жер сілкінісі болды
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясында 5,1 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Сейсмологтардың ақпараты бойынша, жер сілкінісі ошағының орталығы 20 шақырым тереңдікте жатқан.
Табиғат апатынан болған залал туралы ақпарат болған жоқ.