Иранның оңтүстігінде 5,6 балл қуатымен жер сілкінді

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Сенбіден жексенбіге қараған түні Иранның оңтүстігінде 5,6 балл қуатымен жер сілкінісі болды.

Иранның оңтүстігінде 5,6 балл қуатымен жер сілкінді

Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметінің сайтына сілтеме жасап Ресей Жаңалықтар агенттігі хабарлады.

Зілзаланың ошағы Минаб қаласынан 80 шақырым жерде орналасты, тереңдігі - 25 шақырым. Көп ұзамай сол аумақта 4,5 магнитудасымен екінші жер сілкінісі болды, оның тереңдігі 10 шақырым қашықтықта орналасты.