Иранның оңтүстігінде қуатты жер сілкінісі болды
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Парсы шығанағындағы Иранның Кешм аралында магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.
Тегеран институтының жанындағы Сейсмикалық қызмет орталығы геофизиктерінің деректеріне қарағанда, зілзала ошағы 10 км тереңдікте орналасқан.
Жер асты дүмпулері жергілікті уақытпен 14:24-те тіркелген.
Қирандылар мен зардап шеккендер жайлы мәліметтер әзірге түсе қойған жоқ.