11:05, 28 Ақпан 2012 | GMT +5
Иранның орталық бөлігінде қатты жер сілкінді
АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Иранның орталық бөлігінде 5,1 балл қуатымен жер сілкінді.

Бұл туралы АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінен хабарлады, деп мәлімдеді РБК.
Зілзаланың кіндігі Керман қаласынан солтүстікке қарай 133 шақырым жерде орналасты. Оның ошағы 36,4 шақырым тереңдікте болды. Құрбандар мен қираулар туралы мәліметтер жоқ.