18:09, 11 Қазан 2012 | GMT +5
Иранның ядролық бағдарламасы тұрғысындағы теріс көзқарас халықаралық пікір емес - аталған елдің ресми өкілі
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Иранның ядролық бағдарламасы тұрғысындағы теріс көзқарас халықаралық пікір емес. Бұл туралы бүгін Астанадағы Х Еуразиялық медиа форумында Иран Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Рамин Мехманпараст мәлім етті.

Иран осыған дейін ешқандай заңнамалар мен ережелерді бұзбағандығына тоқталған ол, «қазіргі кезде байқап отырған көзқарасты біз халықаралық пікір деп есептемейміз. Осы орайда бұл елдерде ядролық қару бар, әсіресе, АҚШ ядролық бағдарлама саласында елеулі қысым көрсетуде», -деді.
Сонымен қатар Р.Мехманпараст БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің көбісі Иранның ядролық бағдарламасына қарсылық білдіріп отырмағандығын айтып өтті. Сондықтан да Иран «5+1» аясында келіссөздерді бастауға ниетті екенін, бұған қоса өздерінің ядролық бағдарламасына қатысты барлық күдіктерді жоққа шығаратындарын жеткізді.