Ырғыз-Торғай көлдерінде Қызыл кітапқа енген қоқиқаздар бейнетаспаға түсті
AСТАНА. KAZINFORM - Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының көлдер жүйесінде ерекше табиғат көрінісі тіркелді.
Далалық бақылау жұмыстары барысында Қызыл кітапқа енгізілген қоқиқаздардың (Phoenicopterus roseus) бір тобы бейнетаспаға түсірілді.
Бақылау жұмыстары «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты мамандарының тәжірибе алмасу мақсатында «Ырғыз-Торғай» резерватына жасаған іссапары аясында жүргізілді.
Қоқиқаздар — табиғаттағы ең әсем әрі ерекше құстардың бірі. Олар көбіне таяз сулы көлдерде қоректеніп, маусымдық кезеңдерде үлкен топтарға бірігеді.
Ырғыз-Торғай резерватының көлдер жүйесі — қоқиқаздар мен басқа да су құстарының тіршілігі үшін маңызды табиғи мекен.
Көл бетінде топтаса жүрген қоқиқаздар — Ырғыз-Торғай табиғатының қайталанбас сұлулығын паш ететін ғажайып көрініс.
Айта кетейік, Маңғыстауға қоқиқаздар қайта орала бастады.
Сібір елігі мен орман сусары фототұзаққа түсіп қалғанын жазған едік.