Ірі будда институты отқа оранды
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Қытайдағы ең ірі «Ларунг Гар» будда институты өртке оранды, деп хабарлайды "Хабар" агенттігі.
Тибет буддистерінің орталық ғибадатханаларының біріндегі өрт кешкісін шыққан. Оны сөндіруге 450-ден астам арнайы маман жұмылдырылған. Бірақ тілсіз жау тез тарап, 10 бірдей ғимарат жермен жексен болған. Өйткені олардың барлығы ағаштан салынған. Әзірге қаза тапқандар және жарақат алғандар туралы мәлімет жоқ. Сы-чуань провинциясындағы аталған институттың іргетасы 1980 жылы қаланды. Бұған дейін ол жерде ештеңе болмаған. «Бірақ бүгінде «Ларунг Гардың» аймағында 10 мыңға жуық тақуа тәлімгер мен оқушы тұрады», - дейді жергілікті ақпарат құралдары.