22:04, 14 Мамыр 2019 | GMT +5
Ірі бұршақ Әзербайжанның солтүстігіндегі аудандардың егістігін жайпап кетті
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжандағы Хачмаз ауданында жауған аса ірі бұршақ егістікке зиянын тигізді, үйлердің шатырларын қиратты, деп хабарлайды Trend агенттігі.
Ақпаратқа қарағанда, бұршақ 87 елді мекенге - Хачмаз қаласына, Арзу кентіне және көптеген ауылға шығын келтірген.
Еске сала кетсек, кеше Әзербайжанның солтүстігіндегі аудандарға бес минут бойы тоқтаусыз бұршақ жауды. Оның ірілігі 5-тен 20 миллиметрге дейін жеткен.