Ірі қалаларда өмір сүру диабетке ұшырау қаупін күшейтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Диабет ұшырататын және басқа да метаболикалық бұзылыстарды ұлғайтатын факторлардың бірі кортизолдың (күйзеліс гормоны) созылмалы ықпалы болып табылады. Кортизол қандағы қант деңгейін реттейтін гормон - инсулинді өңдеуге кедергі келтіреді. Сонымен, ауылдық жерден қалаға көшу диабетке ұшырау қаупін едәуір арттырады, деп жазады Zee News.

Ірі қалаларда өмір сүру диабетке ұшырау қаупін күшейтеді

Зерттеуге қатысқан қала тұрғындарының 28 пайызында қант диабеті мен басқа да глюкоза алмасуының бұзылысы болған. Ал ауыл тұрғындарында бұл көрсеткіш екі есеге төмен. Бұдан басқа, қалалықтардың ағзасындағы кортизол деңгейі ауылдықтарға қарағанда барынша жоғары болған.

Қала тұрғындарының физикалық белсенділігі ауылдықтарға қарағанда, едәуір төмен. Әрі қалалықтар фасфуд пен тәттілерді көп тұтынады. Алайда кортизол деңгейіндегі айырым - күйзеліс гормоны ірі қалаларда тұратын адамдарда қант диабетіне ұшырау қаупін арта түсетінін көрсетеді.