Ірі қара мал аукционында ең қымбат бұқа 1 млн 300 мың теңгеге сатылды
АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Ел тарихында тұңғыш рет өткізілген ірі қара малы аукционында ең қымбат бұқа 1 млн 300 мың теңгеге сатылды,
деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық порталы KazBIN-ге сілтеме жасап.
«KazBeef Ltd» компаниясы ұйымдастырған аукционға 50 бас ірі қара - ангус және герефорд тұқымды 25 бұқа, 25 құнажын шығарылды. Бұқалардың орташа салмағы - 510 келі, құнажындар 400 келі тартады.
Аукционға Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Алматы, Жамбыл, ШҚО, ОҚО, БҚО облыстарының шаруашылықтарының өкілдері қатысты. Аукцион бағасын белгілеуде Павлодар облысының бір шаруашылығынан келген өкіл рекорд орнатты. Ол ангус тұқымды бұқаға 1,3 млн теңге ұсынды.
Бұл шараны тамашалауға Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміряев, «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы Берік Бейсенғалиев және АҚШ-тың Қазақстандағ Төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфакс келіпті.
«KazBeef Ltd» ЖШС директоры Бейбіт Ерубаевтың айтуынша, келесі аукцион алдағы жылдың сәуір-мамыр айында өткізілмек. Ол кезде де саудаға 50 бас мал шығарылмақ.