Ірі кәсіпорындарда энергия үнемдеу бойынша жауапты мамандар болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенаттың жалпы отырысында «ҚР Кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұтастай алғанда, заң жобасында 7 Заң мен 2 Кодекске түзетулер көзделген. Олар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнама нормаларын жетілдіруге, отынның баламалы түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғыларды салумен қоса жаңғыртуға, реконструкциялауға әрі кеңейтуге инвестицияларды қайтару тетігін енгізуге бағытталған. Сонымен қатар, тақтатас мұнайын өндіруді дамыту, шекара бөлімшелері мен мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін салу жөніндегі мәселелерді шешу ескерілген», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Оның айтуынша, энергия үнемдеудің негізгі бағыттары - бұл Мемлекеттік энергетикалық тізілім, энергия аудиті, мемлекеттік бақылау, бюджеттік сектор және өңірлік саясат.

«Еліміздің энергия тұтынуының үштен бір бөлігін қамтитын ірі кәсіпорындарда энергия үнемдеу бойынша жауапты тұлғаларды енгізу, сондай-ақ барлық энергия тізілім субъектілерінің 90%-ға жуығын тұтынатын ТОП-100 кәсіпорын үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу ұсынылады», - деді министр.

Энергия үнемдеудің елеулі әлеуеті бар ие бюджет секторын реттеуді күшейту мақсатында мыналар көзделген:

- мемлекеттік мекемелерде энергия тұтынуды азайтуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ энергия тұтынатын жабдықтың қазақстандық нарығын қайта құруға серпін беретін энергия тиімді мемлекеттік сатып алуды енгізу;

- энергия тұтыну нормативтерін белгілеу, оларды сақтау мониторингі, бенчмаркинг және энергия тиімділігі бойынша тиісті ұсынымдар беру ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар