Ірі көлемде бөтеннің мүлкін иеленген ҚР азаматы А. Гасанов қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Бакуден экстрадицияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен Әзербайжан Республикасында бұзақылық үшін жазасын өтеп болған 42 жасар Қазақстан Республикасының азаматы Афет Гасанов Маңғыстау облысында ірі көлемде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену және ысырап жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Бакуден экстрадицияланды.

Ірі көлемде бөтеннің  мүлкін иеленген  ҚР азаматы А. Гасанов қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Бакуден экстрадицияланды

Гасановты беру туралы шешімді а.ж. 15 ақпанында Әзербайжан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратусының сұрауы бойынша қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Гасанов Астана қаласының тергеу абақтысына қамауға алынды.