Ірі көлемде пара алды деген күдікпен департамент директорының орынбасары ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаменті директорының орынбасары Е.Арпабаевты 6,2 млн теңге мөлшерінде пара алды деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   
None
None

«Заңсыз сыйақыны ол облыстағы мемлекеттік кәсіпорындардың бір өкілінен министрліктің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетімен мемлекеттік сатып алу туралы келісімге қол қою үшін алған.

Е.Арпабаев Өскемен қалалық Ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды»,- делінген хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар