Ірі компаниялар өз мамандарын өздері оқытуы тиіс - Үкімет басшысы

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Ірі компаниялар өз мамандарын өздері оқытуы тиіс.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты.

Үкімет басшысының атап өтуінше, қазіргі уақытта құрылысы қарқынды жүріп жатқан елорданың өзінде аталған саладағы білікті мамандардың тапшылығы байқалады. Тіпті дәнекерлеуші мен краншының өзін іздеп табу қиын. Ал тапшы мамандыққа жұмысшыларын оқытуға құрылыс компаниялар құлық танытар емес.

«Неліктен құрылысшылар бұл мамандықтар бойынша өздері жұмысшылар дайындамайды? Егерде орта компаниялар болса, онда бірігіп, бір орталық құрсын. Олай болмаған жағдайда ірі компанияларға ақша төлеп, олардың орталықтарында өз мамандарын оқытсын. Бұл мәселе Ербол Тұрмаханұлы сізге, Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловқа және Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевке бағытталады», - деді С.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар