Ірі құрылыс барысында пайдаланылған жолдарды жөндеуге бюджеттен арнайы қаржы бөлінеді - Қасымбек

АСТАНА. ҚазАқпарат Ірі құрылыс барысында пайдаланылған аудандық, облыстық жолдарды жөндеуге бюджеттен арнайы қаржы бөлінеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Жол қозғалысы саласындағы құқықтық реттеудің жай-күйі мен проблемалары» тақырыбындағы парламенттік тыңдау барысында еліміздің Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Парламенттік тыңдау кезінде сенатор Қуаныш Айтаханов еліміздің көптеген өңірінде жаңа жол, жаңа құрылыс нысандарын салу барысында облыстардағы, аудандардағы жап-жақсы жолдардың бүлінетіндігін атап өтті.

«40, 50 тонналық машаиналар жүріп, ол жолдарды езіп жібереді. Себебі, ол жолдар ондай жүкке есептелінбеген. Құрылыс біткеннен кейін жолдар сол күйінде қалады. Оның барлығы облыстық, аудандық бюджеттің мойына ілініп қала береді. Осындай жағдай республикада көп кездеседі. Бұл мәселе келешекте қалай шешіледі? Мүмкін ірі құрылыс салалар алдында сол жолды пайдалану үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінуі қажет шығар. Мәселен Батыс Еуропа Батыс Қытай жолы салынды. Бүкіл Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары жолының быт-шыты шықты. Ал оның бәрін қалпына келтіру үшін бірнеше миллиардтаған ақша керек. Оны облыстық бюджет көтере алмайды. Көксарай су реттегішін салғанда да солай болды. Осыған байланысты келешекте облысаралық, ауданаралық жолдарда жөндеу мәселесі қалай шешіледі?»,- деп сұрады сенатор министр Қасымбектен.

«Сұрағыңыз орынды, ондай мәселе бар. Батыс Еуропа Батыс Қытай жолын салғанда Жамбыл облысында, Оңтүстік Қазақстан облысында сіз айтқан мәселелер туындаған. Қазіргі күні ол жұмыстардың барлығы жобаға қосылады. Мердігер міндетті түрде республикалық маңыз бар жолды салса, онда айналма жол салуы керек. Ондай мүмкіндік болмай жергілікті жолды пайдаланса, жобаға сол ақша қосылады. Содан кейін ол ақшаны міндетті түрде әкімшілікке қайтару керекпіз. Бұл мәселені шешудеміз»,- деді министр.

Соңғы жаңалықтар