Ірі мұнай шығарушы елдер өндіріс уақытша тоқтатылуы мүмкін деген хабардың арқасында $32 млрд. пайда тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай өндірісі уақытша тоқтатылуы мүмкін деген хабардың тарауы арқасында мұнай өндіруші елдер шамамен 32 миллиард доллар пайда тапты. Мұны Bloomberg агенттігі есептеді, деп жазды Эксперт.ру.
Шамамен 2 ай бұрын алғашпайда болған мұнай өндірісін уақытша тоқтату келісімі жасалуы мүмкін деген сыбыстардан кейін мұнай өндіруші елдер 32 миллиард доллар пайда тауып үлгерген. Сол кезден бастап мұнай бағасы 30%-ға жуық өсті. Агенттік атап өткендей, мұнайдың қымбаттауына өзге де факторлар әсер етті.
Мысалы, Bloomberg мәліметінше, осы екі айда Ресей өз мұнайының арқасында 3,7 миллиард доллар, ал Сауд Арабиясы - 3,3 миллиард доллар пайда тапты. Дохадағы жиынға қатыспаған елдер де пайда тапты. Бұлар: қосымша миллиард доллар табысқа кенелген АҚШ және 1,5 миллиард долларды олжалаған Канада.