Ірі теміржол апаты - Польшада екі жолаушы пойызы соқтығысты, зардап шеккендер бар

Польшаның TVP телеарнасының хабарлауынша, жол апаты салдарынан 25 адам зардап шегіп, оның ішіндегі 5-еуі ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оқиғадан туындаған дүрбелең салдарынан біраз адамдардың артық жарақаттар алуы да мүмкін, өйткені стансаға жақындап келе жатқан пойыздың жылдамдығы өте төмен болған.
Оқиға орнында Польша жедел қызметінің өкілдері жұмыс істеп жатыр. Құтқару шаралары жалғасуда. Оқиға себебі анықталу үстінде.
Ресми емес мәліметке сүйенсек, апат жол бұрушының қателігі мен теміржол жабдығының бұзылуынан болып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 15-інде Брюссель жанында екі жолаушы пойызының бір-біріне қарсы келе жатып, соғылуынан соңғы жарты ғасырдағы ең ірі теміржол апаты орын алған еді. Ол кезде 18 адам қаза тауып, 170-і түрлі дене жарақаттарын алды.