Ірі түркітанушы ғалымдардың бірі Алтай Аманжолов дүниеден озды

Бұл туралы «Экспресс К» газеті жазды (авторы Ілияс Омаров, «Мастер тюркского слова» мақаласы).
Алтай Сәрсенұлы Аманжолов 1934 жылдың 2 маусымында Алматы қаласында дүниеге келді. Оның әкесі, отандық тіл білімінің негізін құраушы Сәрсен Аманжоловтың есімі әрбір қазақстандыққа белгілі.
1952 жылы Алтай Аманжолов МГУ-дің филология факультетінің Шығыс бөліміне оқуға түсіп, оны тәмамдаған соң 1957 жылы Қазақ КСО Ғылым академиясы жүйесінің жұмысына кірісті. 1963 жылы көне түркі жазу ескерткіштерінің тіліне арналған кандидаттық диссертацияны, ал 1975 жылы - «Көне түркі жазуының тарихы бойынша метериалдар мен зерттеулер» атты докторлық диссертациясын қорғады, ол оның ғылыми еңбегі мен көпжылғы ізденістерінің нәтижесі болып табылады.
1979 жылдан бері Алтай Аманжоловтың еңбек жолы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен байланысты, мұнда ол «Түркі филологиясына кіріспе», «Көне түркі тілі», «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы», «Жалпы тіл білімі», «Графикалық лингвистика» сияқты бірқатар теориялық курстарды жасақтап, дәріс берген. Оларды заманауи ғылыми проблематика, мазмұндаманың айқындылығы мен сенімді аргументтеу ерекшелендіруде.
Шетелде жарияланған көптеген жұмыстардың авторы Алтай Сәрсенұлы бүкіл әлемнің түркітанушыларының арасында кеңінен танымал болды. Оның Қытай және Түркияда басылып шыққан «Бабалар сөзі» және «Жалпы асыл мұра» туындылары әрбір түркітанушының күнделікті қолданатын кітаптары болып табылады.