Ірі жол-көлік апаттарының алдын алу үшін жүргізушілердің жұмыс уақыты мен демалу кестесін қадағалау керек - ҚР ІІМ өкілі Қ.Жұманов

АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - Автокөлік кәсіпорындары мен жүк-жолаушы тасымалдаушы көлік иелерінің техникалық қауіпсіздікті сақтаудағы жауапкершіліктерін заңнамалық деңгейде күшейту керек, деп атап өтті ІІМ брифингісінде ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұманов.

Ірі жол-көлік апаттарының алдын алу үшін жүргізушілердің жұмыс уақыты мен демалу кестесін қадағалау керек - ҚР ІІМ өкілі Қ.Жұманов

«Жүргізілген сараптама автокөлік кәсіпорындары мен жүк-жолаушы тасымалдаушы көлік иелерінің техникалық қауіпсіздікті сақтаудағы жауапкершіліктерін және көлік жүргізушілерінің жұмыс уақыты мен демалуын заңнамалық деңгейде күшейту керектігін көрсетті», - деді ол.