Иркутск облысында әйел қайтыс болған күйеуінің мәйітін қазып, үйіне апарған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде Иркутск түбіндегі Урик ауылында құқық қорғаушылар жеке үйлердің бірінен 60 жастағы ер адамның мумиясын тапты. Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын күйеуі қайтыс болғаннан бір жарым жыл өткен соң оның мәйітін қазып алған.
Әйел күйеуінің өмірден озғанына қатты қайғырды. Оған мамандардың көмегі қажет болды.
Стационарда ақ халаттылар бір жыл бойы оған есін жиюға көмектесті.
Алайда одан шыққаннан жарты жыл өткен соң әйел сығандардың көмегімен моланы қазып, күйеуінің мәйітін үйіне апарды.
Ол оған күтім көрсеткен. Мәйіт полицейлер тапқанға дейін үш күн үйде жатқан.
Әйелді мамандандырылған мекемеге қайтарып, ал ер адамның мәйітін мәйітханаға апарды, деп жазды informing.ru.