17:04, 10 Тамыз 2010 | GMT +5
Иркутск облысында «КрАЗ» «Тойота» шағын автобусына соғысты - 6 адам қаза болды
АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат |- Иркутск облысында «КрАЗ» автокөлігі «Тойота» көлігімен соқтығысты, соның салдарынан 6 адам көз жұмып, үш кісі жарақаттанды, деп хабарлайды РБК.

РФ ТЖМ Бас басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты бүгін таңертең Александровка тас жолының 22-ші шақырымында орын алған. Облыстың Өрік елді мекені бағытындағы жол апаты салдарынан 6 адам опат болып, 3 адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған. Оқиғаның қалай болғаны жөнінде басқа ақпарат жоқ.