Иркутск түбінде аю үйдегі борщты ішіп кеткен

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Азық іздеген аю түнде Усть-Илимск (Иркутск облысы) саяжай кооперативінің аумағына кіріп кеткен, деп хабарлады РБК.
None
None

«Артынан белгілі болғандай, жыртқыш аң жаңа пісірілген етті сорпаның иісіне еріп келген. Терезені бұзып ішке кірген жануар әлі суи қоймаған борщты ішіп қойған», - деп жазылған хабарламада.

Саяжай үйлерінің біріне аю кіріп кеткені жайлы ақпаратты полицияға «Подорожник» саяжай коопертивінің төрағасы жергілікті уақыт бойынша сенбі күні 1:00-де хабарлаған. Хабар берген адам қорыққан үй иелерінің моншада тығылып отырғанын айтқан.

Оқиға орнына дереу қарауыл қызметі шықты.

Үй иелерінің айтуынша, кешке қарай олар борщ пісіріп, оны суыту үшін тамақты ыдысымен дәлізге шығарып қойған. Үйде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан ерлі-зайыптылар моншаға ұйықтауға кеткен.

Соңғы жаңалықтар