Иркутск тұрғыны Гиннестің рекордтар кітабына енді

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Иркутск тұрғыны гидронавт Валентин Казанцев Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Иркутск тұрғыны Гиннестің рекордтар кітабына енді

Теңізші-шекарашы Байкал көлінің тереңіне бойлаған әлемдегі ең қарт гидронавт атанды.

Естеріңізге сала кетейік, үш жыл бұрын Иркутск тұрғынының есімі Ресейдің рекордтар кітабына енген болатын. Ол кезде 80 жаста еді. Биыл Валентин Казанцевке АҚШ-тан жауап келді. Оның Байкалдың түбіне түсуі Гиннестің рекорды болып мойындалды. Бұл жетістікті жер бетінде әзірге ешкім қайталап көрген емес