Иркутскіде 50 адам бір-бірімен атысты
АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Иркуртс облысының Нижнеудинск қаласында мылтықпен атысқан жаппай төбелестің салдарынан адамдар қаза болды, бірнешеуі жарақат алды, деп хабарлады Утро. ру.
Орталық алаңға жастардан құралған екі топ жиналып, алдымен сөз арқылы жағдайды анықтамақ болған. Бірақ көп ұзамай, бір-біріне жұдырық ала жүгірді.
«Болжам бойынша төбелеске екі жақтан 50-ден астам адам қатысты, олардың қолдарында сойыл, пышақ, атыс қаруы сияқты қауіпті заттар болды», - дейді Нижнеудинск әкімшілігі. - Төбелеске жұмылған жастарды куәгерлер шақырған полиция жасағы қуып, таратып жіберді.