Иркутскіде борышкер сотқа тиын салынған бес қап әкелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Иркутск облысындағы борышкер сот жасауылдарына 50 тиындық ақша салынған бес қап әкеліп берді. Ол өзі сұлулық салоны қызметін көрсетіп жүрген ғимарат иесімен осылайша есеп айырыспақ болды.
None
None

Бұл туралы Сот жасауылдары Федералдық қызметі облыстық басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

«Кәсіпкер өндіріп алушымен ерекше түрде есеп айырылыспақ болды. Ол сот жасауылдарына әрқайсысында ақшалай атаулы құны 50 тиын болған бес қап ақша әкеліп берді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар