Ирландия баскетболшылары израильдік қарсыластарымен қол алысудан бас тартты

Ирландияның баскетболдан әйелдер ұлттық құрамасы 2025 жылы Латвия астанасы Ригада өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу додасы алдында Израиль құрамасының мүшелерімен қол алыспауға шешім қабылдаған. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Баскетбол
Фото: GETTY IMAGES

Дереккөздің хабарлауынша, Ирландия құрамасының спортшылары матч алдындағы әнұран кезінде де аренаның ортасына шықпаған.

Сондай-ақ ирландиялық 5 баскетболшы жарысқа қатысудан мүлде бас тартты.

Ойын басталмай тұрып ирландиялықтар ұйымдастырушыларға жоғарыдағы жағдайды ескерткені атап өтілді.

Газа секторындағы оқиғаларға байланысты Израильден бейтарап алаңға ауыстырылған кездесу 87:57 есебімен Израильдің пайдасына шешілді.