Ирландия Қазақстанмен экономикалық салада неғұрлым тығыз ынтымақтасқысы келеді - Елші
қпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ирландия Қазақстанмен экономикалық салада неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнатқысы келеді. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевқа сенім грамотасын тапсырғаннан кейінгі брифингте Ирландияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Филипп Макдона айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанның Мемлекеттік хатшысымен өте жақсы кездесу болды. Біз экономикалық және саяси мәселелерді талқыладық. Бұл салаларды біздердің бірлесіп жасайтын жұмыстарымыз әлі де жеткілікті. Ирландия келешекте Қазақстанмен экономикалық салада неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнатқысы келеді», деді брифингте Ф. Макдона.
Оның сөзіне қарағанда, Ирландия сондай-ақ, Қазақстанмен Еуропалық одақ аясында да барынша тығыз қарым-қатынас жасауды қалайды және екі жақты байланыстарды да мейлінше тереңдеткісі келеді. «Қазақстанда жұмыс істеп жатқан ирландиялық компаниялар көп. Олардың барлығы осындағы бизнестерінің өскенін қалайды», деді Елші.