Ирландия жағалауында ұсталған кемедегі кокаин құны 80 млн еуро

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирландияның оңтүстік жағалауынан 370 шақырым жерде Корк графтығынан «Макайабелла» аталатын яхта ұсталды. Оның бортында болжам бойынша, үш британдық болған.

Ирландия жағалауында ұсталған кемедегі кокаин құны 80 млн еуро

Шағын кеменің ішінен 40 пакетке салынған құны шамамен 80 млн. еуро болатын кокаин табылды. Есірткі саудалаушыларды ұстау шарасы Ирландияның әскери теңіз күштері, кеден қызметі және полицияның бірлесуімен жүргізілді.

Құқық қорғаушы органдардың мәліметтері бойынша, есірткі Оңтүстік Америкадан тасымалданған, оны Еуропаға тарату көзделген.