Ирландияда А/H1N1 тұмауының салдарынан алғашқы рет бір адам мерт болғаны тіркелді

АСТАНА. Тамыздың 8-і. ҚазАқпарат - Ирландияда А/H1N1 тұмауының салдарынан алғашқы рет бір адам мерт болғаны тіркелді,

Ирландияда А/H1N1 тұмауының салдарынан алғашқы рет бір адам мерт болғаны тіркелді

деп хабарлады РБК агенттігі. Бұл туралы  Ирландия денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген

«Доңыз тұмауының» құрбаны елдің батысында тұратын жас әйел болып шықты. Бүгінде Ирландияның ауруханасында А/H1N1 тұмауына ұшыраған 18 адам жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тамыздың 5-індегі мәліметі бойынша, А/H1N1 тұмауы індетіне әлемде 162 мың 380 адам ұшыраған, оның 1 мың 154-і көз жұмған.

Ресей тұтынуды қадағалау мемлекеттік комитетінің мәліметтері бойынша, Мәскеуде «доңыз тұмауымен» 34 адам ауырды, оның үштен бірі - 3-тен 17-ге дейінгі жастағылар.

Ресейде тұмаудың бұл түріне ұшырағандардың көбі Ұлыбританияда демалған. Тұмаудың жаңа штаммы белгілері бар сырқаттардың бәрі ауруханаларға жатқызылды.