Ирландияда әскери ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. Қазанның 13-і ҚазАқпарат - Ирландия әуе қарулы күштерінің Pilatus PC-9 оқу-жауынгерлік ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін екі ұшқыш хабар-ошарсыз жоғалды деп саналып отыр. Апат дүйсенбі күні кешке Голуэй графтығында орын алды,

Ирландияда әскери ұшақ апатқа ұшырады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Бортында нұсқаушы және кадет бар Pilatus PC-9 оқу-жаттығу ұшуына жергілікті авиабазадан тағы екі ұшақпен бірге ұшып шыққан болатын. Ұшқаннан кейін көп ұзамай ұшу аппараты Коннемара тауларындағы Корнамона (Cornamona) деревнясына жақын маңда жерге келіп соқтығысады. Қалған екі ұшақ авиабазаға аман-есен оралды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Pilatus PC-9 құлау алдында құлдилай бастаған және апаттық қонуға әрекет еткен.

Оқиға орнына әуе қарулы күштері комиссиясының мамандары келді.