12:44, 29 Қараша 2011 | GMT +5
Ирландияда өткен кикбоксингтен Әлем чемпионатында қазақстандықтар 1 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль олжалады
МАТЫ. 29 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ирландияда 21-26 қараша күндері кикбоксингтен Әлем чемпионаты өтті.

34 елдің спортшылары қатысқан бұл дүбірлі додада Қазақстан құрамасы ерлер арасында фул-контакт бөлімінде Ресей, Түркия, және Италия құрамасынан кейінгі 4-орынға ие болды. Онда 67 келі салмақта солтүстікқазақстандық Самат Қабырбеков Франция, Болгария, Финляндия және Украина спортшыларынан басым түсіп Әлем чемпионы атанды. Ал Әлімжан Құдайбергенов (57 кг), Аврамиди Стельян (71 кг) мен Ерсейіт Қалменов (86 кг) күміс жүлдегер, Азамат Жамұханов (51 кг), Руслан Баязитов (54 кг), Азамат Нұрпейісов (75 кг) пен Иван Захаренко (81 кг) қола жүлденің иесі атанды.