Ирландияда PhD докторантурада оқып жатырмын - Тәуелсіздік құрдасы Азат Абдуллаев

АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Зерттеу жұмыстарым еліміздегі кенже ғылым саласын жетілдіруді көздеп отыр. Оны Ирландияның Дублин университетінің PhD докторантурасында физика мамандығы бойынша оқып жатқан Азат Абдуллаев бүгін Алматыда Елбасының қатысуымен өткен Қазақстан ғалымдарының форумында айтты.
None
None

"Осыдан 10 жыл бұрын кездескенімде маған физика және математика ғылымымен шұғылдануды аманат еткен едіңіз. Содан бері бұл менің өмірлік ұстанымыма айналып келеді. 14 жасымда физика-математика гимназиясын бітіріп, 18 жасымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдадым. Бүгінде өзіңіз бастаған "Болашақ" бағдарламасының стипендиатымын", - деді А. Абдуллаев. Екі жылдан бері ол Ирландияда PhD докторантурасында оқып жатыр. Оптикалық коммуникациядағы лазерлар саласы бойынша зерттеулер жүргізіп жүрген жас ғалымның айтуынша, шетелдік замандастары қарыштап дамып келе жатқан Қазақстанның жетістіктеріне қызыға қарайды. Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырады. Қазіргі таңда ҚР Президентінің елдің ертеңіне бағытталған саясатының арқасында шет елдерде 30 мыңға жуық жерлестеріміз білім алуда. Оның 3 мыңнан астамы - болашақтықтар.

Соңғы жаңалықтар