Ирландиялық БАҚ Головкин-Джейкобс кездесуінің андеркардына ұсыныс жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Твиттер Boxing Ireland Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) - Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) кездесуінің андеркардында ұйымдастыруға болатын кездесуді ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz.

Ирландиялық БАҚ Головкин-Джейкобс кездесуінің андеркардына ұсыныс жасады

«Мысалы Әулие Патрик күнінде Madison Square Garden-де өтетін GGG андеркардында Шон Монаган (28-0, 17 КО) мен Джо кіші Смитті (23-1, 19 КО) қойып көріңіздерші. Лонг-Айлендтегі ирландықтар бәрін тып-типыл етеді»,-деп жазды Boxing Ireland.

Осыған дейін Головиннің промоутері Том Леффлер Головкин - Джейкобс кездесуінің андеркардында Роман Гонсалес «Чоколатито» (46-0, 38 КО) пен Александр Усиктің (10-0, 9 КО) шыға алатынын айтты.