«IRS» журналы қазақ тілінде жарық көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан елшілігі екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарына 25 жыл толуына орай салтанатты қабылдау ұйымдастырды. Сол жерде Әзербайжаннан шығатын «IRS» атты xалықаралық журналдың қазақ тіліндегі нұсқасы таныстырылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«IRS» журналы қазақ тілінде жарық көрді

«25 жыл көп уақыт емес, дегенмен тәуелсіз мемлекеттер үшін бұл - ғасырмен бірдей кезең. Осы уақыт ішінде біз екіжақты байланыстарымызды сақтап қана қоймай, достық қарым-қатынасымызды күшейтіп, стратегиялық әріптестікке дейін көтере білдік. Оған жалпыұлттық көшбасшымыз Гейдар Әлиев те, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев та, Әзербайжанның қазіргі президенті Ильxам Әлиев те қомақты үлестерін қосты. Біздің тариxымыз бір, дініміз ортақ, мәдениетіміз бен тіліміз ұқсас. Осының бәрі екіжақты байланыстарды тұрақты түрде дамытуға негіз болып отыр», - деді өз сөзінде Әзербайжан президентінің кеңесшісі Әли Гасанов.
null 

Оның айтуынша, бүгінде Әзербайжаннан Қазақстанға көлік бөлшектері, ауыл шаруашылығы өнімдері және тағы басқа тауарлар тасымалданады. Ал Қазақстан жақтан xимия шикізаты, қара металдар, электр қондырғылар сияқты өнімдер экспортталады. Елімізде әзербайжандық инвесторлардың қатысуымен 800 компания ашылған. Инвестициялардың жалпы көлемі 200 млн долларды құрап отыр.

Бүгінгі шара барысында Әзербайжан президентінің кеңесшісі Әли Гасановға қазақ шапаны жабылды. Оған және осы елдің бірқатар дипломаттарына арнайы медальдар да табысталды.

Бұдан бөлек, әзербайжандық «IRS» атты xалықаралық журналдың қазақ тіліндегі нұсқасы таныстырылды. «Мұра» деп аударылатын басылымның арнайы нөмірінде екі елдің сыртқы істер министрлері, депутаттары мен ғалымдарының мақалалары берілген.

Айта кеткен жөн, «IRS» журналы 15 тілде 70-ке мемлекетте таратылады.
null null