ИРСК Таяу Шығыстағы АҚШ базаларына жауап ретінде соққы жасалғанын мәлімдеді
АСТАНА.KAZINFORM — ИРСК АҚШ-тың Иранға шабуылдарына жауап ретінде Таяу Шығыстағы АҚШ әскери базаларына соққы берді. Бұл туралы Иран Қарулы Күштерінің Хатам әл-Әнбия Орталық қолбасшылығы мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.
— «АҚШ армиясының біздің еліміздің оңтүстік аймақтарына тікұшақтың атып түсірілуіне жауап беру деген желеумен басып кіруіне жауап ретінде Ислам революциясы сақшылар корпусы өңірдегі АҚШ-тың бірнеше әскери базасына соққы жасады, — деп штаб мәлімдемесінен үзінді келтіреді Mehr агенттігі.
Бұған дейінАҚШ Ормуз бұғазында атып түсірілген тікұшағына жауап ретінде Иранға соққы жасады.