Иржи Новотны «Барысқа» қайтып оралмайды, ол «Лев» ХК-ға шақырылды
АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» хоккей клубында ойнаған 28 жастағы чехиялық шабуылшы Иржи Новотны «Лев» ХК-ға шақырылып, ауысып кетті,
деп хабарлады sports.kz .
Естеріңізге сала кетейік, жуырда «Барыс» чехиялық шабуылшымен келісімшартты бұзуға шешім қабылдады. Бұл жаңалық жергілікті жанкүйерлерді дүр сілкіндірді, олар асталық клубтың басшысына И. Новотныны қайта қайтарып алуларын талап етті.
Қазақстандық спорттық портал хабарлағандай, И. Новотны жалпы алғанда «Барыста» екі маусым ойнады, сол уақыт аралығында 106 матчтан 90 ұпай жинады. Өзінің спорттық жолын «Атлантадан» бастаған чехиялық хоккейші кейін Астанаға шақырылған болатын.