08:14, 12 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Иса Ақбербаев екінші минутта қарсыласын нокаутқа жіберді - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев кәсіби рингте 14-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады Vesti.kz.
Бірінші ауыр салмақта IBO Intercontinental нұсқасы бойынша чемпионның қарсыласы Беларусь елінің өкілі Игорь Караваев болды. Ол жерлесімізге небары 1 минут 23 секунд уақыт қана төтеп беріп, бірінші раундта-ақ нокаутқа түсті.
Осылайша, 31 жастағы қазақстандық боксшы кәсіби рингте 14-ші рет жеңіс тұғырынан көрінді. Оның он кездесуін боксшымыз мерзімінен бұрын аяқтаған. Игорь Караваев үшін бұл 14 кездесудегі сегізінші жеңіліс болды. Ол алты рет жеңіске қол жеткізген.