Иса Ақбербаев кәсіби рингте 16-шы жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Берлинде қазақстандық алғашқы ауыр салмақтағы боксшы Иса Ақбербаев пен бразилиялық Жулио Сезар Дос Сантос арасында сайыс өтті, деп хабарлады www.sports.kz.
12 раунды қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандық И.Ақбербаев жеңіске жетті, сөйтіп, GBC әлем чемпионы атағын қорғап қалды.