Иса Ақбербаев салмақ өлшеу рәсiмiнен сәттi өттi (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иса Ақбербаев салмақ өлшеу рәсiмiнен сәттi өттi. Бұл туралы боксшының ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында хабарланды.

Иса Ақбербаев салмақ өлшеу рәсiмiнен сәттi өттi (ФОТО)

Иса Ақбербаев (14-0, 10 КО) пен Рубен Ангел Мино (26-1, 25 КО) арасындағы жекпе-жек ауыр салмақта GBC чемпиондық титулы үшiн болады. Екi боксшының да салмағы - 90,4 кг.

Еске салайық, аталған кездесудi «ҚазСпорт» арнасынан ертең Астана уақытымен түнгі 01:00-де тiкелей эфир арқылы көруге болады.