18:23, 15 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Исекешев ЭКСПО-ның үздік еріктілеріне қала әкімінің гранттарын табыстады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім гранттарының басым бөлігін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері иеленді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, Рауан Садырбеков (Тұран-Астана), Әнел Жолжақсы (ҚазМЗУ), Дарxан Бақытбекұлы (ҚазАТУ), Дастан Аманжол (ҚазАТУ), Құралай Сәуменова (Астананың мұнай-газ университеті), Құралай Иманбай (Астана университеті), Шәрия Қажымұқан (ҚазАТУ) қалғаны Еуразия ұлттық университетінің студенттері - Ақерке Искандерова, Азат Тұмарбек, Санжар Тоқанов, Сәкен Абдоллаев, Гүлнәз Бекова, Айя Шыттыбай, Ернар Ауxан, Дина Тасмұқанова, Сағдат Темірxан, Тайыр Тасқали, Мәдина Әбжанова, Нұртаза Алдан мен Ақерке Әуел, барлығы 20 студент әкімнің гранты есебінен тегін оқитын болады.
Айта кетейік, бүгінгі салтанатты шара барысында ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде көзге түскен басқа да қызметкерлер марапатталды.