Исекешев қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесіне пікір білдірді
Айта кетейік, әр пәтерден ақша жинап, тұрғындардың қоғамдық көлікте тегін жүруіне мүмкіндік жасау туралы «Астана LRT» компаниясы ұсыныс жасаған болатын.
«Әр пәтерден 3857,3 теңге жинап, тұрғындардың қоғамдық көлікте тегін жүруіне мүмкіндік жасау, бір жағынан пайдаланбаған қызметке ақы төлетуге итермелеуі мүмкін. Сондықтан бастаманы осы күйінде қабылдауға болмайды. Бұл «Астана LRT» компаниясының партиялық тыңдауда айтқан ұсынысы ғана. Өзге де идеялар мен ұсыныс-пікірлер сарапталып жатыр. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Сондықтан астаналықтардың алаңдауына негіз жоқ», - деді Әсет Исекешев.
Қала басшысның айтуынша, қазіргі уақыта Астананың көліктік кешенін дамыту моделінің алғашқы кезеңі басталды. Арнайы жұмыс тобы мәселені шешудің түрлі жолдарын қарастыратын болады. Барлық сараптамалар жүргізілгеннен кейін ұсыныс әкімдің қарауына түседі.