Исекешев лифтілер жайында: Біз оларды шектей де, тексере де алмаймыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қала ДНК-сі: Қоғамдастық. Бизнес. Билік» бірінші урбанистік форумында елорда әкімі Әсет Исекешев тұрғын үйлердегі лифтілерге қатысты проблемаларды шешуде жаңа әдістер табу қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Исекешев лифтілер жайында: Біз оларды шектей де, тексере де алмаймыз

«Қазіргі уақытта министрлікпен үлкен пікірталасымыз жүріп жатыр. Біз кейбір заттарды тоқтату қажет немесе жаңа шешім табу керек деп санаймыз. Мәселен, лифтілерге қатысты бұрындары қатаң реттеу бар болатын. Ал қазір мүлдем реттелмейді. Бізде 50 компания жұмыс істейді, оның шағын бөлігі, мүмкін 10-15 қажетті құзірет пен мамандарға ие. Ал қалғандарында олар толық емес. Біз оларды шектей де, тексере де алмаймыз», - деді қала басшысы.

Елорда әкімі литфті компанияларын ПИК-тер таңдайтындығын, ал ПИК-терде сол үйдің тұрғындары таңдап алатындығын баса айтты.

«Қазіргі уақытта бұл мәселеге мемлекеттік еш қатысы жоқ. Тұрғындар ПИК-ті, лифті компанияларын таңдап алады. Жақсы тәжірибесі жоқ компанияларымен проблема бар. Яғни олардың қызметтері тұрғындардың көңілінен шықпайды», - деді Әсет Исекешев.