Исекешев Шахандағы апаттан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев өзінің Фейсбуктағы парақшасы арқылы Шахандағы апаттан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шаxтинск қаласында кеше түнде орын алған апаттан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына бүкіл астаналықтардың және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Апаттың арты қайырлы болсын!», - деп жазды Исекешев.
Еске сала кетейік, 1 қаңтар күні 22:40-та Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөліміне Шахтинск қаласы Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түскені туралы қоңырау шалынған. Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖД құтқарушылары жөнелтіліп, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді . Әуелі 1 адамның мәйіті үйінді астынан шығарылған болатын. Кейін екінші тұрғынның денесі үйінді астынан табылды. Қазіргі уақытқа дейін үйінді астынан 9 көз жұмған адамның денесі аршып алынды. Оның үшеуі ер адам, үшеуі әйел, үшеуі бала. Баланың біреуі 2016 жылғы, екіншісі 2010 жылғы.