Исекешев жаңа технологияларды енгізудегі еңбегі үшін ТМД медалімен марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД-ның астаналары мен ірі қалаларының халықаралық ассамблеясының 25-ші сессиясы барысында елорда әкімі Әсет Исекешев «ТМД-ға 25 жыл» медалімен марапатталды. Мерейтойлық медальді  «ТМД-ның экономикалық дамуы іскерлік орталығы» коммерциялық емес серіктестігінің бас директоры Владимир Савченко табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Бүгін біз ТМД-ның астаналары мен ірі қалаларының халықаралық ассамблеясының 25-ші сессиясына қатысып отырмыз. Жиын барысында қалаларды басқару бойынша жаңа басқарушылық құрылымдарды құру, халық үшін заманауи жайлы баспаналар салу мәселелерін талқылаймыз. ТМД Атқарушы комитеті мен Іскерлік кеңесінің атынан Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен ТМД-ның астаналары мен ірі қалаларының халықаралық ассамблеясының президенті Ирек Ялаловты құттықтап, «ТМД-ға 25 жыл» медалін табыс етуге рұқсат етіңзідер. Сіздерге жаңа технологияларды енгізудегі белсенді жұмыстарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін», - деді Савченко.

Жиынға қауымдастыққа мүше 28 қаланың 100-ге жуық өкілі, 5 халықаралық бірлестік пен 7 ғылыми және сараптамалық ұйымның өкілдері қатысуда. Шара барысында қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлер жағдайында қаланың кешенді әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша инновациялық шешімдерді іздестіруге арналған.

Айта кетейік, бұл қауымдастық 1998 жылдың 3 қыркүйегінде ТМД-ның 9 мемлекетінің 19 ірі қалалары әкімшіліктерінің бастамасымен құрылған болатын. Бүгінде қауымдастыққа ТМД-ның 9 елінің 87 қаласы, оның ішінде Қазақстанның 9 қаласы кіреді.

Соңғы жаңалықтар