Іш пыстырып жіберді - Головкин «Канело-Джейкобс» айқасы жайлы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Дэниел Джейкобстың жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін ерекше боларлық ештеңе байқай алмадым. Жақсы бір спарринг матч секілді өрбіді. Ішім пысып кетті. Жанкүйерлер бұдан да жоғары айқасқа лайық еді», - деп жазды Головкин Инстаграм парақшасында.
Еске сала кетсек, Лас-Вегаста (АҚШ) мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Дэниел Джейкобс арасында WBC, WBA және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы (72,6 кг дейін) әлем чемпионы титулдарына қатысты жекпе-жек өткен болатын.
Чемпиондар арасындағы айқас 2 раундқа созылып, төрешілердің бірауыз шешімі бойынша 115-113, 115-113 және 116-112 есебімен жеңіс Сауль Альвареске берілді. Алайда, абсолютті әлем чемпиондығына дейін мексикалық боксшыға Деметриус Андаре иеленген WBO белбеуі жетіспейді. Айта кетейік, Альварес пен Джейкобстың екеуі де Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластары. Қазақстандық боксшы өзінің жаңа жаттықтырушысы Джонатан Бэнкспен жекпе-жекті тамашалады.