Ішімдік фабрикасындағы жарылыс: 2 мың адам эвакуацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Мексика астанасында ішімдік өнімдерін шығаратын фабрикада қатты жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлады Мехико азаматтық қорғаныс қызметінің жетекшісі Фаусто Луго.

Ішімдік фабрикасындағы жарылыс: 2 мың адам эвакуацияланды

«Ішімдік фабрикасындағы өртті өрт сөндірушілер өз бақылауларына алды. Бір адам жарақаттанып, 2 мың адам эвакуацияланды», - деп хабарлады Луго Twitter-дегі микроблогында.

Жарылыстың қатты болғаны соншалық, жалын бірнеше ондаған метрге дейін көтерілген.