Ішімдік ішкен Астана тұрғыны суға түспек болып, көпірден секірді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада ішімдік ішкен ер адам суға шомылмақ болып, киімімен көпірден секірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішімдік ішкен Астана тұрғыны суға түспек болып, көпірден секірді
Видеодан алынған кадр

«Бүгін, сағат 11.25-те елордада Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының бөлімшесі Есіл өзенін қайықпен патрульдеу кезінде»Серуен«жаяу жүргіншілер көпірінен өзенге секірген адамды құтқарды. 35-40 жас шамасындағы ер адам мас күйінде суға түсіп, батып кете жаздады», - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасында.