Ішімдікке масайған жолаушының кесірінен «Кызылорда - Алматы» бағытындағы ұшақ 4 сағатқа кешігіп ұшты
АСТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат - Ішімдікке масайған жолаушының кесірінен «Кызылорда - Алматы» бағытындағы ұшақ 4 сағатқа кешігіп ұшты.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабар еткендей, өткен жексенбі, сәуірдің 18-і күні 16 сағат 50 минутта Қызылорда қаласының «Қорқыт ата» әуежайынан «Қызылорда-Алматы» бағытында ұшып шығуы тиіс болған «Focer-50» ұшағының кешігуі болды.
Кешігудің себебі, алкогольге масайған 40 жастағы азамат пен ұшақ экипажы арасында туындаған дау-дамай. Нәтижесінде тәртіпсіздік көрсеткен жолаушы рейстен алынып, ұшақ 20 сағат 50 минутта өз бағытымен ұшып шықты.