Ішімдікке сылқия тойған екі жедел жәрдем бригадасы ұсталды
Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады.
Жергілікті әйел 18 жастағы сіңлісіне екі мәрте жедел жәрдем шақырғанын және қос бригаданың да медициналық қызметкерлері мас болғанын полицияға хабарлаған.
Осы ақпаратты тексеру барысында, жол инспекторлары емдеу мекемесінің маңында жедел жәрдем автокөлігін тоқтатып, жүргізушіні тексеруге жіберген. Кейін оның ағзасында спирттік ішімдік пайдалану фактісі анықталды.
Кейін Киров елді мекенінде полиция қызметкері тексеру жүргізіп, алкогольдік ішімдікке сылқия тойып алған екінші бригаданы ұстады.
Аталған бигадалар кезекшіліктен шеттетіліп, осы оқиға бойынша тексеру жүргізілді.
Медицина қызметкерлеріне қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, ал көлікті мас күйінде басқарған жүргізушіге 30 мың рубль (шамамен 150 мың теңге) айыппұл салынады және ол бірнеше жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.